Ссылки доступа

Жизақта екі жұмысшы өздері қазған орға түсіп өлді


Өзбекстанның Жизақ облысында кәріз жүйесін жөндеуші екі адамды топырақ басып қалды. «Файз» коммуналдық-құрылыс кәсіпорынының басшылығы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тартылды.

9 тамызда Жизақ қаласындағы «Алмазар» махалласында қазаншұңқыр қазған екі жұмысшы жер астында қалып қойды. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды. Құтқарушылар жұмысшылардың өлі денелерін тереңдігі 5 метрлік ордан алып шықты.

Оқиға куәгерлерінің Азаттық радиосына хабарлауынша, бұл екеуін кәсіпорынның техникалық қауіпсіздіктен хабары жоқ қызметкерлері жұмысқа алған.

"Ешқандай техникалық қауіпсіздікті сақтамастан ор қаздын. Оның қабырғалары опырылып түсіп, жұмысшыларды басып қалды», - деді Жизақ тұрғыны.

Қазіргі таңда Жизақ полициясы екі жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG