Ссылки доступа

Астана полициясы: ломбардтағы оқиғаға байланысты тергеу басталды


Астана полициясының хабарлауынша, ломбардтағы тонау әрекетіне қатысты "қарақшылық" және "кісіні кепілге алу" фактілері бойынша сот қарсаңындағы тергеу басталды. Арнайы операция нәтижесінде Астана қаласының 42 жастағы тұрғыны ұсталып, тергеу абақтысына отырғызылды. Күдіктінің есімі жарияланбады.

14 тамыз, жексенбі күні белгісіз біреу Астана қаласының Кенесары көшесіндегі «М-Ломбард» мекемесін тонауға кіріп, дабыл қабылған соң ол ломбардтың екі қызметкерімен бірге ғимаратта қамалып қалды.

Полиция мәліметі бойынша, ломбардтың бір қызметкер әйелі келіссөздерден соң босатылды, ал екінші қызметкерді ғимарат есігін бұзып кірген полиция босатып алды. Арнайы операция барысында ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG