Ссылки доступа

Интернеттегі хабарлама шифрлерінің кілтін ФБҚ техникалық қызметі жинайды


Ресейдің құқықтық ақпараты ресми порталында 14 тамызда Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) жарлығы жарияланды. Ол бойынша, Интернет қолданушылардың хабарламаларын қайта кодтауға қажетті мәліметтер ФҚҚ мекемесіне тапсырылады.

Жарлыққа сәйкес, шифрлеу кодтарын жинаумен ФҚҚ Ғылыми-техникалық қызметінің Ұйымдық-сараптамалық басқармасы айналысады. Тамызда федералдық қызмет провайдерлерден электрондық хабарламаларды қайта кодтауға қажетті ақпаратты жинау тәртібін бекітті. Сол кезде жарлық мәтіні жарияланбаған еді, деп жазды ресейлік "Газета" апталығы.

Бұның қарсаңында "Ресейлік қоғамдық бастама" сайтында 100 мыңнан астам адам Мемлекеттік Дума депутаты Ирина Ярова ұсынған "терроризмге қарсы күрес заңына" қарсы дауыс берді. Бір жарым мың адам "Ярова заңының" күшін жою бастамасына келіспейтіндіктерін білдірді.

Ирина Ярова мен Федерация кеңесінің мүшесі Виктор Озеровтың "террорға қарсы" заңдар пакеті жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға үгіттегендерді және ол туралы мәлімет бермегендерді жауапқа тартуды қарастырады. Бұған қоса, осы заң байланыс операторларына клиенттерінің телефон әңгімелері мен хабарламаларын басып алып, оны сақтауға міндеттейді. "Ярова пакетін" Ресей президенті Владимир Путин 7 шілдеде қабылдады.

XS
SM
MD
LG