Ссылки доступа

Қырғыз мектептерінде діни мәдениет тарихы пәнін енгізеді


Қырғызстандағы 10 мектепте қыркүйектен бастап "Діни мәдениет тарихы" пәні сынақ түрінде оқытыла бастайды. Жаңа оқулық 9 сынып оқушыларына арналған. Бұл туралы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хабарлады. Мекеме мәліметі бойынша, жаңа пән енгізу бастамасын Қорғаныс министрлігі көтерген.

Хабарларға қарағанда, осылайша билік оқушылардың діни сауатын ашуды, сол арқылы қырғыз жастарын діни радикализмнен сақтауды көздеп отыр.

Жоба аясында Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия жаңадан енгізілетін пәнді оқыту әдістемесі жөнінде тренингтер ұйымдастырады. Оған жетпіс облыстағы, сондай-ақ Бішкек және Ош қалаларындағы мектептердің ұстаздары қатысады. Мұғалімдерге пәннің мазмұны мен оқу әдістемесі, бұлармен қоса шетел тәжірибесі таныстырылады.

XS
SM
MD
LG