Ссылки доступа

Түркімен әскері Каспий теңізінде көрсетпе оқулар өткізді


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жақын күндері Каспий теңізінде «Хазар-2016» көрсетпе оқулары болып өтті. Оған Түркіменстанның әскери-теңіз, әскери әуе күштері және басқа да күш құрылымдары қатысты.

Мәліметтерге қарағанда, Түркіменстан әскери әуе күштері мен шекара әскерінің ұшақтары және қашықтан басқарылатын ұшу аппараттары көкке көтерілді. Олар теңіздің барлау аймыған шолып өтіп, онда қозғалған нысанды суретке түсіріп, орталық штабқа хабар жеткізіп отырды.

Әскери оқулар сәтті өтті деп жарияланды.

Еске салайық, биыл наурыз айында Түркіменстанда ауқымды оқулар өткізілген еді.

XS
SM
MD
LG