Ссылки доступа

Ресей Тәжікстандағы екі мұнай және газ кен орнын өңдеуден бас тартты


Ресейлік "Газпром" мемлекеттік компаниясы Тәжікстандағы Сарықамыс және Батыс Шокамбары кен орындарында іздестіру жұмыстарын жүргізуден бас тартты.

Душанбеден 40 шақырым жердегі Сарықамыс кенінде 18 млрд текшеметр газ және 17 млн тонна мұнай бар деп болжанған. Үш жыл бұрын Тәжікстан және "Газпром" компаниясы қабылдаған келісім бойынша, газ қорының 30 пайызын Тәжікстан алады, ал қалғаны ресейлік компанияға тиесілі болады.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, компанияның арнайы комиссиясы "геологиялық іздестіру жұмыстарының нәтижесіз болғанына байланысты", оны игеру лицензиясын Тәжікстан үкіметіне қайтарып беру керек деп шешті.

Комиссия шешімінің басқа да жай-жапсары хабарланбады, тәжік геология басшылығы "Газпром" шешіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Бірақ, Тәжікстан Бас геология басқармасының жетекшісі Мұрод Жұмазода бұған дейін Ресейдің мемлекеттік компаниясы тәжік билігінен Сарықамыста тағы бір бұрғы орнатуға рұқсат беруін сұрады деп мәлімдеген еді.

Сол кезде Мұрод Жұмазода "екінші бұрғымен мұнай және газ өндіру - оңай шаруа емес, ол үшін 4-5 жыл керек", деген еді. "Газпромның" Тәжікстанда Сарықамыс пен Батыс Шохамбарыдан басқа игеретін кеніші жоқ.

XS
SM
MD
LG