Ссылки доступа

Ресей Қырғызстаннан ГЭС жобасы бойынша 37 миллион доллар қайтаруын талап етті


Ресей Қырғызстаннан Жоғарғы Нарын каскады ГЭС-інің құрылысына жұмсалған 37 миллион долларды қайтаруын талап етті. Ұлттық энергия холдингі тәуелсіз халықаралық аудит жүргізіп, соның нәтижесі бойынша қырғыз билігі сұратылған қаражатты төлеп беруге келісті.

Қырғызстан мен Ресей арасындағы Жоғарғы Нарын каскады ГЭС-і мен Қамбарата ГЭС-1 құрылыстары туралы келісім 9 тамызда тоқтады. Соған байланысты Ресей құрылыс нысанында қалашық салу, жолды жөндеуге жұмсалған қаражатын қайтарып алатынын мәлімдеді.

Гидростанциялар құрылысы туралы екі мемлекет арасындағы келісім 2012 жылы бекітілген еді. Бірақ жобаны жүзеге асыру уақыты созылып кетіп, қырғыз үкіметі келісімді бұзды. Ал уақытша депутаттық комиссия ресейлік тараптың шығымдарын тексеріп көріп, сұратылған қаражат бірнеше есеге көбейтілген деген қорытынды жасады. Сөйтіп шығынды халықаралық аудит нәтижесі бойынша төлеу туралы шешім қабылданды.

Қырғызстан үкіметі Ресей шығынын қалай өтеп беретінін әзірге шешкен жоқ. Оның бірнеше нұсқасы талқыланады: мемлекет бюджетінен төленеді, құрылыс аяқталған соң кәсіпорынның бір бөлігін Ресейге ұсынады немесе жаңа инвестор есебінен өтеледі.

XS
SM
MD
LG