Ссылки доступа

Түркіменстан Ираннан келетін жүк көліктерінің транзит тарифін бірден өсіріп жіберді


Иранның транзит және шекаралас терминалдар бюросының бас директоры Мохаммад Жавад Атрчианның айтуынша, түркімен шенеуніктері транзит тарифінің өскенін алдын ала ескертпеген және себебін түсіндірмеген.

"Бұл шара тек қана ирандық көлік құралдарына арналған, ол екі елдің бұған дейін қабылдаған келісімдеріне қайшы келеді және Тегеран мен Ашхабад арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға кері әсер етеді", - деді ирандық шенеунік.

Енді Иран оған жауап ретінде Түркіменстаннан келетін жүк көліктерінің транзит тарифтерін өсіруді көздеп отыр.

Жыл сайын шамамен 75 мың ирандық жүк көлігі Түркіменстанға барады, 8 мың жүк көлігі көрші елдің жолдарын пайдаланады. Бір жылда шамамен 20 мың түркімен жүк көлігі Иранға кіреді.

Түркіменстанның транзит тарифін көтеруі ирандық кәсіпкерлердің наразылығын туғызды.

XS
SM
MD
LG