Ссылки доступа

Әзірбайжанда түрік дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүлен жақтастарын қудалай бастады


Әзірбайжанда түріктің дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүлен жақтастарына қатысты қылмыстық іс ашылды. Қазір АҚШ-та тұратын оппозициялық қайраткерді Түркия билігі әскери төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Прокуратура Гүленнің Әзірбайжандағы жақтастарының заңсыз әрекеттерінің алдын алғысы келеді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Қылмыстық іс ашуға "конституциялық құрылымды күшпен құлатуға ашық үндеулер" түрткі болған.

Жаңа істегі күдіктінің аты-жөні және оның нақты не істегені белгісіз. Жергілікті журналистер оның оппозициялық Халық Майданы партиясының мүшелері болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Түркия Таулы Қарабах жанжалында Әзірбайжанды қолдайды. Әзірбайжан билігі ресей-түрік қатынасы шиеленіп кеткен тұста Түркияға қолдау білдірді.

XS
SM
MD
LG