Ссылки доступа

Назарбаев Путинге: Порошенко Донбасс мәселесінде ымыраға келгісі келеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеуінше, Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы жанжалды доғару үшін ымыраға келу жолдарын іздейді.

Назарбаев Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, жақында Украина президентімен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Назарбаевтың мәлімдеуінше, Порошенко Украинаның қазір ресейшіл сепаратистердің бақылауындағы шығыс аудандарының мәртебесі туралы заң қабылдауға жергілікті парламент кедергі келтіріп отыр.

Путин Ресей мен Түркия қарым-қатынасының жақсаруына арағайындық көмек көрсеткен Назарбаевқа алғыс білдірді. Бұған қоса, Путин Қазақстан мен Ресей арасында соңғы жылдары күрт төмендеп кеткен сауда айналымы қайта жанданатынына үміт білдірді.

Назарбаев жыл соңына дейін Путинмен кем дегенде тағы бес мәрте кездесетінін журналистерге мәлімдеді. 2012 жылдан бері Назарбаев Ресейге 12 мәрте сапар жасады.

XS
SM
MD
LG