Ссылки доступа

Тәжікстанда телерадио мазмұнына бақылау күшейтілді


Тәжікстан үкіметінің қаулысымен, Телевидение және радиотаратылым жөніндегі комитеті шығармашылық кеңестің қызметін күшейтті. Кеңес мемлекеттік және мемлекеттік емес телерадиолар бағдарламаларының мазмұнына жауап береді.

Тәжікстан үкіметі шығармашылық кеңестің қызметін күшейту арқылы ұлттық мүдделерді насихаттап, қорғауды көздеп отыр. Көптеген бақылаушылар биліктің бұл әрекетін телерадиоларға, әсіресе мемлекеттік емес арналарға енгізілген ашық цензура деп бағалады.

Тәжікстан мемлекеттік радиосының жетекшісі Фаррух Зиеев үкімет қаулысын "мемлекеттік цензура" деп атағандармен келіспейді. Бірақ ол "үкімет елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін енді түсінді" деп есептейді.

Тәжікстанда 72 мемлекеттік емес радио және телекомпания бар, соның ішінде 20 тәуелсіз телекомпания және 16 радио күнде хабар таратады.

XS
SM
MD
LG