Ссылки доступа

Ақтөбе тұрғынын "Ресейде терактілерге шақырғаны үшін" соттап жатыр


Ақтөбе қаласындағы сот "Ресейде террорлық актілер жасауға шақырған" радикалдық ислам өкілі делінетін кісіге қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абдраев А.Х. "Терроризмді насихаттау немесе террорлық акт жасауға шақыру" бабы бойынша істі болды.

Тергеу материалдарына қарағанда, Ақтөбе тұрғыны биыл наурызда, екі танысының дүниетанымы мен көзқарасына ықпал ету мақсатында, "Ресейдің Сириядағы террорға қарсы операциясын бірнеше мәрте сынға алып, Ресей аумағында террорлық акт жасауға шақырған".

Абдраевтың кінәсі дәлелденсе, ол бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG