Ссылки доступа

Қырымдық саяси тұтқын Юрий Ильченко Украинаға қашқан


Экстремизге қатысты іс бойынша үй қамауында отырған севастополдік блогер Юрий Ильченко Ресеймен аннексияланған Қырымнан Украинаға қашып шыққан. Бұл туралы Украинаның ақпараттық саясат министрлігінің сайтында хабарланды.

38 жастағы Юрий Ильченко - шет тілі мектептерінің қожайыны. Блогерге қарсы іс қозғауға оның жеке сайтында жарты аралдың ресейлік оккупациясы мен Украинаның шығысындағы агрессияны сынаған жазбалары түрткі болды.

Қырымның ресейшіл билігі блогерді екі: "экстремистік әрекетке шақыру" және "ұлтаралық араздықты қоздыру" баптары бойынша айыптады. 2015 жылы 2 шілдеде оны Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі ұстап, Симферополдегі тергеу абақтысында 11 ай ұстады. Биыл шілдеде блогер үй қамауына ауысып, сол жерден қашып шыққан.

Ильченко өзінің қалай қашып кеткенін Киевте өтетін баспасөз конференциясында айтып береді.

XS
SM
MD
LG