Ссылки доступа

Атамбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысады


Президент Алмазбек Атамбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысады. Жиын 13 қыркүйекте Нью-Йоркте басталады.

Осы және өзге де мәселелерді президент сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев және президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаковпен бірге талқылады.

Кездесу кезінде президент ТМД елдері басшыларының Бішкектегі саммитіне дайындық барысынан, Көшпелілер ойындарына баратын мәртебелі қонақтардың кездесуінен хабардар етілді, деп таратты мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Атамбаев маңызды іс-шараларға дұрыстап дайындалуды тапсырып, сыртқы істер министріне республиканың сыртқы саясатының басты бағыттары жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

XS
SM
MD
LG