Ссылки доступа

Өзбекстанда екі әйел "Одноклассникидегі" экстремизмі үшін түрмеге түсті


Өзбекстанның қылмыстық істер жөніндегі Ферғана облыстық соты діни экстремизмді интернетте таратқаны үшін екі әйелді бес және жеті жылға соттады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

"Айыпталушылар "Одноклассники" әлеуметтік желісінде жалған аккаунттар ашып, солар арқылы жихад және қазіргі жүйені құлату идеясын таратқан", – деп хабарлады құқыққорғау органдарындағы дереккөз. Оның айтуынша, ұсталған әйелдердің телефондарында экстремистік мазмұндағы видеолар сақталған.

Өзбекстан құқыққорғау органдарының мәліметі бойынша, соңғы бір жылда экстремистердің интернетте насихаты күшейді. Діни экстремизм идеяларын насихаттау фактілері әлеуметтік желілердегі аккаунттарда және WhatsApp мессенджерінде анықталып жатыр.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов сәуір айында республиканың Қылмыстық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Заң діни экстремизм идеяларын "БАҚ немесе телекоммуникация, сондай-ақ Интернет көмегімен" таратушыларға жаза қарастырады.

XS
SM
MD
LG