Ссылки доступа

Ашхабадта "хаттамалық көшелер" тұрғындарына шектеулер енгізілді


Астаналық Махтумкули даңғылының бойындағы "Ашхабад" кинотеатры маңындағы тұрғындарды терезелерін қарамен тұмшалауға мәжбүрледі – жергілікті билік даңғылды "хаттамалық көшеге" жатқызған, онымен президент жүреді. Бас тартқан тұрғындардың терезелеріне коммуналдық қызмет жұмысшылары қара майлы бояу жағып тастайды.

Бұған қоса, жергілікті тұрғындарға "хаттамалық көшелерде" жуылған киім ілуге, терезелерді ашуға, шыбын өткізбейтін тор ілуге тыйым салынған. «Біз күн сәулесін көруден қалдық, тіпті пәтерді желдетуге де болмайды! Коммуналдық қызмет жұмысшылары ешқандай құжат көрсетпейді", - деді осы ауданның тұрғындары.

"Хаттамалық көше" тұрғындарының айтуларынша, күнде таңертең полицейлер тұрғындарды дыбыс ұлғайтқышпен оятып, жолдағы автокөліктерді алып тастауға тырысады. Дәл осындай жағдайды Махтумкули даңғылына жақын тағы үш көшенің тұрғындары бастан өткеріп жатыр.

"Аула арнайы қызмет өкілдеріне толып кетті, олар бізді үйден шығармайды, пәтерлерде отыруға мәжбүрміз", - деп шағымданды тұрғындар.

Коммуналдық қызмет жұмысшыларының айтуларынша, Тәуелсіздің және Атамұрат Ниязов даңғылдарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, Гурбангулы Бердымұхамедовтың "Оғызхан" сарайындағы Фирюзе резиденциясына баратын жолы өзгерген. Заңгерлер болса түркімен заңдарында "хаттамалық көшелер" деген ұғым атымен жоқ.

XS
SM
MD
LG