Ссылки доступа

Өзбек милиционері Қырғызстан шекарасын бұзғаны үшін ұсталды


Өзбек милиционері Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін қамауға алынды. Шекара бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Азаттыққа қырғыз үкіметі басшысының орынбасары Жениш Разаков.

Оның айтуынша, шекара бұзған милиционердің қаруы болған. Разаков Орто-Токой су қоймасы қырғыз-өзбек шекарасында емес, Қырғызстан аумағында орналасқанын ескертіп өтті. "Өзбек милициясы су қоймасының суды бөлу орнын қорғайды, ал қалған бөлігін қырғыз құқыққорғау органдары күзетеді", - деді Разаков.

Бұған дейін өзбек баспасөзі хабарлағандай, 13 тамызда "Шаян" арнайы жасағының жауынгерлері Орто-Токой су қоймасының өзбек милициясы қорғайтын Ала-Букин ауданына барып, оның қырғыз аумағы екенін мәлімдеген.

"Шаян" жасағын су қоймасы аумағына кіргізбей қойған уақытта, әскер қызметкерінің бірі өзбек милициясын қорқыту мақсатында автоматпен жерге оқ атқан. Хабарларға қарағанда, өзбек милиционерінің бірін ұстап, оны Қырғызстанға алып кеткен.

Дегенмен Өзбекстанның Наманган облысының билігі мен милициясы бұл ақпаратты Азаттыққа растамады.

Еске салайық, Қырғызстан үкіметі совет заманынан бері Өзбекстан пайдаланып келген 12 инфрақұрылым нысанын меншігіне қайтарып алды. Бұл нысандар тізімінде Ала-Букин ауданындағы Орто-Токой су қоймасы да бар.

XS
SM
MD
LG