Ссылки доступа

Ресей сириялық Алеппода 48 сағаттық бітім орнатуға келісті


Ресей сириялық Алеппо қаласында 48 сағаттық ымыраластық енгізуге келісім берді. Бұдан алдын Интернетте әуе соққысынан аман қалған бала туралы видео тараған еді.

Әбден зәресі ұшқан, үсті-басы қан-қан болған бала бейнесі бүлікшілер бекінген қаланың қазіргі жағдайын дәл сипаттап тұрғандай әсер қалдырады. Алеппоны үкіметтік күштер қоршауға алып, оны қолдаған Ресей қаланы үнемі әуеден соққылап келеді.

Бала туралы видео халықаралық қауымдастықтың Алеппоны шабуылдаушыларға деген наразылығын туғызды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирбидің пікірінше, "бұл баланың өмірінде соғыссыз, өлімсіз, күйзеліссіз және жоқшылықсыз күн болған емес".

Келесі аптадан бастап енгізілетін ымыраластық Алеппоға гуманитарлық жүк жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай одан кейінгі бейбет келіссөздерге негіз болады деді ресейлік генерал Игорь Конашенков. Оның айтуынша, Ресей қалаға бағыттталған гуманитарлық жүктің үкімет әскерлері бақылайтын аудандардан қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайын.

XS
SM
MD
LG