Ссылки доступа

АҚШ Сириядағы әскерін қорғайтынын Ресейге ескертті


Құрама Штаттар Сириядағы әскері ресейлік немесе сириялық үкіметтің әуе шабуылына ұшыраған жағдайда, қарулы күштерін қорғап шығатыны туралы Ресейге ескертті. Бұл туралы Сирия мен Ирактағы америкалық әскер қолбасшысы Стивен Таунсенд мәлімдеді.

Қолбасшының айтуынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі америкалық әскердің орналасқан аймағы туралы мәліметті ресейлік тарапқа тапсырған. Оның айтуынша, Ресей бұл ақпаратты сириялық әскерге жеткізген.

Бұған дейін Сирия президенті Башар Асадтың әскері елдің солтүстік-шығысындағы күрдтер бақылап отырған Хасак қаласына әуеден шабуылдады. Осы аудандағы күрдтерге содырлармен күрес тәсілін үйрететін америкалық жаттықтырушылар да шабуылға ұшырады.

XS
SM
MD
LG