Ссылки доступа

Рио-де-Жанейрода XXXI- Олимпиада ойындары аяқталды


Рио-де-Жанейроның «Маракана» стадионында XXXI- Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. «Ойындарды жабық деп жариялаймын», – деді Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

207 елдің спортшылары қатысқан парад отшашумен аяқталды. Рио-де-Жанейро мэрі Эдуардо Паэс олимпиада жалауын Токио губернаторы Юрико Коикэге табыстады. Келесі Олимпиада ойындары 2020 жылы Жапонияда өтеді.

Жабылу рәсімінде олимпиада алауы салтанатты түрде сөндірілді. Осыдан кейін карнавал басталды.

Бұл жолғы ойындардың жеңімпазы - америкалықтар. АҚШ құрамасы Рио-де-Жанейрода жалпы есепте 121 медаль, оның ішінде 46 алтын алды. Оның бесеуін суда жүзуші Майкл Фелпс жеңіп алды. Осылайша ол Риода 23 дүркін олимпиада чемпионы атанды. Екінші орынды Ұлыбритания иеленді (27 алтын, 23 күміс және 17 қола медаль). Үшін орында Қытай (26 алтын, 18 күміс және 26 қола медаль). Ресей Олимпиада ойындарында 56 медаль алып төртінші орынға шықты (19 алтын, 18 күміс және 19 қола). Қазақстан қоржынында 17 медаль түсіп, 22-орынға шықты (3 алтын, 5 күміс, 9 қола).

Жарыс 5-21 тамыз аралығында өтті. Оған 11 мың спортшы қатысты.

XS
SM
MD
LG