Ссылки доступа

Өзбекстанда он адам газдан уланып көз жұмды


Өзбекстанның Жызақ облысы Галляарал ауданында сорғы станциясы құдығында он адам газдан уланып көз жұмды. Тағы үшеуі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

«Өзтрансгаз» акционерлік компанияның Галляаралдық магистралды газқұбыры басқармасы оқиға 20 тамыз күні таңертең орын алғанын айтады.

Олардың сөздерінше, тереңдігі алты метр болатын құдықтағы ақауды жөндеу үшін инженерлер, сантехниктер және құрылысшылар бір мезетте түскен. Алайда олар судың үстіне жиналып қалған газдан уланып қалған.

​Қазіргі уақытта құдық жабылған. Тәшкенттен оқиғаның салдарын анықтау үшін сарапшылар тобы келген. Галляаралдық магистралды газқұбыры басқармасы құдықтың түбінде улы азот газы жиналып қалуы мүмкін деген болжам айтады.

Аудан әкімшілігі (хокимият) марқұмдарды жерлеуді өз мойындарына алған.

XS
SM
MD
LG