Ссылки доступа

Иран жаңа әуе қорғанысы жүйесін ұсынды


Иран алыс қашықтықта әрекет ететін өзінің бірінші әуе қорғанысы зымыран комплексін ұсынды. Жексенбі күні бірқатар иран жаңалықтар агенттігі Иран президенті Хасан Роухани мен қорғаныс министрі Хұсейін Дехганның «Бавар-373» әуе қорғанысы жүйесінің алдында түскен суреттерін жариялады.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роухани зымыран комплексі салынған зауытқа барған. Иранның қорғаныс министрі «Бавар-373» қанатты зымырандарды, әскери ұшақтар мен баллистикалық зымырандарды қағып түсіретін мүмкіндігі барын мәлімдеген.

Ел президенті Роухани журналистер алдында Иранның қорғаныс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды деген. Ол әлемдік державалармен бір үстелде отырғанда Иранның «күшті әрі тұтас» ел болып қала беретінін атап өткен. Роухани сонымен бірге 21 тамызда Иранда өндірілген бірінші реактивті қозғалтқышты таныстырды.

XS
SM
MD
LG