Ссылки доступа

Өзбекстан Орто-Токой су қоймасы айналасындағы бекеттерді алып тастауды талап етеді


Өзбекстан Қырғызстанның Ала-Бука ауданында орналасқан Орто-Токой су қоймасы айналасындағы милиция қоршауын алып тастауды талап етеді. Бұл жөнінде Мемлекеттік шекара қызметі хабарлайды.

Осының алдында ҚР Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Абдикарим Алимбаев пен Өзбекстанның шекара әскері қолбасшысы Рустам Эминжанов телефон арқылы сөйлескен. Келіссөз барысында тараптар жағдайды реттеуге дайын екендіктерін жеткізген.

22 тамызда кешкісін келіссөз көзінде өзбек тарабы Орто-Токой су қоймасы маңындағы милиция қоршауын алып тастауды талап етіп, Қырғызстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтіп ұсталған өзбек милиционерін босатуға шақырған. Өзбекстанның Наманған облысының ішкі істер басқармасының қызметкеріне сот шешімімен 20 мың сом айыпұл салынып, босатып, еліне жөнелткен.

Өз кезегінде Қырғызстан Өзбекстаннан Унгар-Тоо шекарасы маңына ІІМ қызметкерлерін орналастыруының себебін сұрайды.

Қырғызстан Үкіметі совет дәуірінен бері Өзбекстан пайдаланып келе жатқан 12 инфрақұрылым нысанын қайтарып алды. Бұл нысандардың тізімінде Ала-Бука ауданындағы Орто-Токой су қоймасы бар. Қырғызстанның вице-премьері Жениш Разаков өзбек милиционерлері су қоймасындағы суды бөлетін жерлерді күзетуде, ал қалғанын қырғыз құқыққорғау органдары қарауылдайды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG