Ссылки доступа

Қырғызстанның мемлекеттік қарызын өтеуге 2017 жылы 20 млрд сом бөлінеді


Бұл туралы қырғыз қаржы министрі Әділбек Қасымәлиев бүгін қоғамдық тыңдауда мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2017 жылғы бюджет жобасында 20,1 млрд сом мемлекеттік қарызды төлеуге қарастырылған.

"Оның 11 миллиарды сыртқы қарызды, 9 млрд - ішкі қарызды өтеуге жұмсалады. Одан кейінгі жылдары бұл көрсеткіш ұлғая береді - 2018 жылы 26,9 млрд сом, ал 2019 жылы – 29,2 млрд сом», - деді Қасымәлиев.

Құжатқа сәйкес, елдің ішкі жалпы өнімі 2,9 пайызға өсіп, бюджет тапшылығы 23 млрд сом болады.

XS
SM
MD
LG