Ссылки доступа

Қырғызстан президенті шекара жөніндегі барлық халықаралық келісімдерді тексеруді тапсырды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үкімет пен сыртқы істер министріне шекара мәселесіне қатысты барлық халықаралық келісімдер мен шешімдерді, қаулы мен меморандумдарды қайтадан жіті тексеруді тапсырды. Бұл жөнінде президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлайды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, уақыт өткен сайын бұрынғы президенттер мен өзге де лауазымды тұлғалардың шешімімен көрші елдің жерлері деп таныған аймақтарды Қырғызстан халқы ежелден келе жатқан ата-баба жері деп есептеген және есептейді дейді.

«Шенеуніктердің «шегініс» жасағаны жөнінде ақпарат құпия сақталып келген. Сол себептен бұл жөнінде тек ғана қырғыз халқына емес, қазіргі елдің басшылығына да, атап айтқанда ел президентіне де мәлім болмады. Халық бұрынғы «келісімдердің» барлығын білуге тиіс. Бұл құжаттар ратификацияланбаса да, заңдық күшіне енбесе де, халықаралық талаптарға сәйкес, Қырғызстанның ұлттық қызығушылығын қорғауда біраз қиындықтар туғызады», - деді президент.

XS
SM
MD
LG