Ссылки доступа

Қырғызстан азаматтарын Өзбекстан құқық қорғау органдары ұстап отыр


Унгар-Тоо тауындағы радиорелелік станция қызметкерлері, Қырғызстанның төрт азаматын Өзбекстанның Янгикурган ішкі істер басқармасы ұстап отыр. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлайды.

Өзбек шекарашыларының ақпараты бойынша, Қырғызстан азаматтарын ұстауға байланысты алаңдаушылық туғызуға себеп жоқ.

Унгар-Тоо қырғыз-өзбек шекарасындағы даулы учаскедегі жағдай бір қалыпты, бірақ өзгеріссіз қалып отыр.

Қырғызстанның шекара бөлімшесі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта Унгар-Тоо ауданына қосымша әскер қойылған. Шекара өкілдері келіссөзді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, Унгар-Тоо тауында «Кербен» қырғыз радиорелелік станция орналасқан. Бірнеше жыл бұрын Өзбекстан шекарашылары онда бекет салуға талпынып келді. Бірақ келіссөздерден кейін олар даулы аймаққа бекет салу райынан қайтқан.

XS
SM
MD
LG