Ссылки доступа

Өзбек баспасөз және ақпарат агенттігінің бас директоры ұсталды


Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Өзбек баспасөз және ақпарат агенттігінің бас директоры Омонулло Юнусовты кісенмен ұстап алып кетті. Орталық Азия жаңалықтар қызметінің мәліметі бойынша, 57 жастағы Юнусов қазіргі таңда тергеу абақтысында немесе Ұлттық қауіпіздік қызметінің Ташкенттегі солай деп аталып кеткен жертөлесінде отыр.

Белгілі болғандай, Өзбекстанның баспасөз және баспа ісін бақылаушы агенттіктің басшысы Омонулло Юнусов 22 тамыз, дүйсенбі күні ұсталған. Ол агенттікке қарасты "Өзбекстан" баспа-полиграфиялық үйдің басшылығына қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

Өзбек агенттігіндегі жаппай тексерулер 2 жарым ай бұрын басталған. Ташкент қалалық прокуратурасы мен қаржы министрлігінің бақылаушы-ревизиялық басқармасының "Өзбекстан" баспа үйін тексеру кезінде 2,2 млрд сум жетіспейтіні анықталған.

XS
SM
MD
LG