Ссылки доступа

Мәскеу соты Поткинді 7 жарым жылға түрмеге отырғызды


Мәскеу соты ұлтшыл Александр Поткинді (Белов) жеті жарым жылға жалпы режимдегі колонияға отырғызып, оған 600 мың рубль айыппұл салды.

Ресейде тыйым салынған "Русские" ұлтшылдар қозғалысы жетекшілерінің бірін төрт бап бойынша айыпты деп тапты. Мещандық сот қазақстандық БТА Банктің Поткинге қатысты азаматтық шағымын толығымен қанағаттандырды. Сотталушының адвокаттары сот үкіміне шағым түсіруді көздеп отыр.

Поткин 2014 жылы қазанда қазақстандық БТА Банктен бес млрд рубль ұрлау фактісі бойынша қамауға алынды. Ұлтшылға қылмыстық жолмен келген қаражаттың ізін жасырды, экстремистік қауымдастық құрды, диверсия жасады, ұлт араздығын туғызды деген айыптар тағылды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен тайдыруды да жоспарлаған.

Александр Поткин тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істердің саяси астары барын мәлімдеумен келеді. Сәуірде Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Поткиннің ұзақ уақыт қамауда отырғанына шағымын қарай бастады.

XS
SM
MD
LG