Ссылки доступа

Жақыпова: 87 депутатты Конституцияға өзгеріс енгізу жобасына қол қоюға мәжбүрледі


"Парламенттегі 87 депутаттың қолдарын қайырып, Конституцияға өзгеріс енгізу туралы жобаға мәжбүрлеп қол қойдырды", - деді Жогорку Кенеш депутаты Чолпон Жақыпова. Бұл туралы ол "ҚР Конституциясы: Өзгертулер қажет пе, әлде оған жол бермеу керек пе?" деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, депутаттар құжатпен таныспай жатып-ақ қолдарын қойып берген, өйткені президент аппаратынан нақты нұсқау келіп түскен.

"Үнемі өтірік айта беруге де болмайды. Депутаттардың қолдарын қайырып, 87 қолды қойдырып алғанын ашып айтайық. Мен мұндай "шедеврдің" авторы кім деп бекер сұраған жоқпын. Егер бұл халықтың қалауы болса, онда парламенттің мұнда ешқандай қатысы жоқ, парламенттік тыңдаулар өткізудің де қажеті шамалы", - деді Жақыпова.

Оның айтуынша, азаматтық бақылау комитеті үндеуінде президенттен референдум өткізудің қажеті жоқтығын, тарихта референдумдар дәстүрін бұзған алғашқы мемлекет басшысы болып қалуын сұраған.

"Мен Конституцияға астыртын қол сұққан кез келген әрекет - билікті күшпен басып алу деп танылатынын заңда жазу керек деп есептеймін", - деді Жақыпова.

XS
SM
MD
LG