Ссылки доступа

Киевте ресейлік журналист Александр Щетинин өлі күйінде табылды


Ресейлік журналист, "Новый регион" агенттігінің негізін қалаушы Александр Щетинин Киевтегі пәтерінде өлі күйінде табылды, деп хабарлады Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі.

Қылмыс хроникасын таратушы "Киев оперативный" басылымының хабарлауынша, Щетининді туған күнімен құттықтауға келген достары оны үйінен өлі күйінде тауып алған. Басынан оқ тиген Щетининнің өзі үстел үстінде отыр, ал үстелдің астында тапанша жатыр.

Тергеушілер өзін өзі өлтіру нұсқасын тексеріп жатыр. Бұның алдында Щетинин жақын танысының біріне өлгісі келетінін айтып, электрондық поштамен хат жазған.

Щетинин "Новый регион" агенттігін 20 жыл бұрын құрды, 2014 жылдың ақпанына дейін соның бас редакторлығы қызметін атқарды. Кремль саясатын үнемі сынағандықтан, ол билік тарапынан қысымға ұшырады. Сол себептен Щетинин ақпарат агенттігінің бас редакторлығы қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG