Ссылки доступа

Тәжікстанда африка түйеқұстары балапан басып шығарды (видео)


Тәжікстанның солтүстігінде африка түйеқұстары үш жылдан кейін балапан ашты. Елдегі түйеқұстардың жалғыз шаруашылығының қожайыны Әминжон Косимов үш жыл төзімділіктің жемісін енді көретін болды.

Үш жыл бұрын Әминжон Косимов африка түйеқұсының 100 балапанын Ираннан алып келген, бірақ қазір солардың 15-і ғана қалды. Шаруашылық иесін түйеқұстың ұзақ өмір сүретіндігі, тағам талғамайтындығы қызықтырған. Сол себепті құс асыраушы бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді көздеп отыр.

"Бір күні үйге Еуропадан достарым келді. Олар біздің қозы шаруашылығымен танысып, маған түйеқұс асырауды ұсынды. Бір қой жылына 50 келі ет пен май берсе, түйеқұстың пайдасы одан он есе көп болатынын айтты. Өйткені бір түйеқұс жылына 70 жұмыртқаға дейін туады. Соның 50-і балапандайтын болса, бір жылда түйеқұс 100 келіге дейін салмақ жинап, жылына 5 мың тонна ет береді", - деді шаруа.

Түйеқұс асырау - Тәжікстан ауыл шаруашылығындағы жаңа сала. Косимовтың айтуынша, ол түйеқұстарды пайда қуғаннан емес, сәндік және үй құстарына деген қызығушылығы үшін асырайды. Қазір оның шаруашылығында түйеқұстардан бөлек, тауыс, көгершін, мысыр тауығы және жылқы бар.

Түйеқұс етінде май мен холестерин болмайды, сиыр етінен 1,5 есе қымбат тұрады, бірақ оның етін базардан табу оңай емес.

В Таджикистане разводят цыплят африканских страусов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

XS
SM
MD
LG