Ссылки доступа

Қазақстанда екі белсендіні қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды


Атырау қалалық соты жақында тергеу абақтысында көшпелі отырыс өкізіп, азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қамауда ұстау мерзімін 30 қыркүйекке дейін созу туралы үкім шығарды. Бұл туралы Боқаевтың адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Сот отырысында прокурор ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаменті тергеу тобының басшысы Амангелді Әбуғалиевтің азаматтық белсенділер Боқаев пен Аянды қамауда ұстау мерзімін созу туралы өтінішін жеткізген. Тергеу тобының басшысы қорғаушы тарапқа іс материалдарымен танысуға тағы бір ай қажет деп есептейді. Бұған қоса, тергеу тобы "күдіктілер қашып кетуі немесе істің сотта қаралуына кедергі келтіруі мүмкін" деп қауіптенеді.

Боқаев пен Аянның адвокаттары болса соттан күдіктілерді үй қамаққа ауыстыруын немесе жеке жауапкершілікпен босатуын өтінді

Макс Боқаев пен Талғат Аян 17 мамырдан бері қамауда отыр. Оларға араздық туғызды, заңсыз шеру ұйымдастырды және тағы басқа айыптар тағылған. Олар Атырау қаласында жер реформасына қарсы 24 сәуірде өткен жаппай наразылық шеруінен кейін ұсталды. Белсенділер тағылған айыптардың барлығымен келіспейді.

XS
SM
MD
LG