Ссылки доступа

Ресей Түркия бағытындағы чартерлік рейстерге тыйымды алып тастады


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресей мен Түркия арасындағы чартерлік рейстерге салынған тыйымды алып тастау туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық бойынша, авиатасымалдаушылар Түркияға ұшатын жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар қабылдауы тиіс. Тыйым алып тасталған соң, ұшуға рұқсатты Росавиация беретін болады.

Ресейден Түркияға чартерлік авиақатынастар 2015 жылы желтоқсанда тоқтатылды. Сол кезде ресейлік бомбалаушы ұшағын түрік әскері атып түсірген еді. Биыл маусым айында Түрік президенті Режеп Эрдоған қаза болған ұшқыш отбасына көңіл айтты. Содан кейін Ресей президенті Владимр Путин Түркияға жолдамалар мен чертерлік тасымалдарға қойылған шектеулерді алып тастауын бұйырды.

XS
SM
MD
LG