Ссылки доступа

Тәжікстанда Ислам партиясы жетекшілерінің екінші адвокаты қамауға алынды


Тәжікстанда қызметіне тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясының төраға орынбасары, өмір бойы түрме жазасына кесілген Махмадали Хаиттың адвокаты әрі құқық қорғаушы Бузургмехра Ёровтың бауыры Жамшед Ёров екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл жөнінде Жамшед Ёровтың отбасы хабарлады. Осы уақыт аралығында оған қатысты тергеу ісі жүреді екен.

Жамшед Ёровты қамауға алу туралы шешім жұма күні кешкісін астанадағы Фирдауси ауданындағы милиция бөлімшесінде шыққан.

Алайда Тәжікстанның құқыққорғау органдары әлі күнге дейін Жамшед Ёровтың не үшін қамалғанын, оған қатысты тағылған айыптарды айтпай отыр.

Жамшедтің әпкесі Хосият Ёрова оның бауырына қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 1-бөліміне қатысты іс қозғалғанын айтады. Бұл бапқа қатысты адвокат мемлекеттік құпияны жариялады деген айыппен үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG