Ссылки доступа

"Ислам мемлекеті" Йемендегі ірі жарылысты мойнына алды


Аден қаласындағы йемендік жасақ лагеріне жарылғыш толы көлікпен кірген жанкештінің шабуылынан кем дегенде 45 адам мерт болды, тағы кем дегенде 60-ы жараланды. Бұл туралы дүйсенбі күні Шекарасыз дәрігерлер медициналық гуманитарлық ұйымы хабарлады.

Елдің оңтүстігінде орналасқан қаладағы ірі қанды шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекетінің" ультражаһидшылары мойнына алды. Олар ИМ жиі қолданатын Amaq онлайн ресурсы арқылы шамамен 60 адамның қаза тапқанын мәлімдеген.

"Ислам мемлекеті" Йеменде жоғары лауазымды шенеуніктерге, дін өкілдеріне және Сауд Арабиясы жетекшілік ететін әскери коалиция күштері мен лагерлеріне шабуылдаумен келеді. 18 айға созылған азаматтық соғыста Сауд Арабиясы Йеменнің халықаралық қауымдастық мойындаған президентін қолдайды.

Құқыққорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, жанкешті президент Абд-Раббу Мансұр Хадиді жақтайтын жасақ күштері таңертең тамақтанатын мектепке шабуыл жасамақ болған.

XS
SM
MD
LG