Ссылки доступа

"Бірінші Петр" мұздығынан шыққан сел Тәжікабадтағы ауылды шайып өтті (видео)


Селевой поток в Таджикабадском районе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:25 0:00

Тәжікабад ауылындағы сел Капали қышлағындағы ондаған тұрғын үйді қиратып, көптеген мал мен автокөлікті ағызып әкетті

Тәжікстанның шығысында орналасқан осы аудан билігінің хабарлауынша, "Бірінші Петр" мұздығының бір бөлігі опырылып түсіп, оның соңы селге ұласқан. Тәжікабад әкімшілік ауданының басшысы Тохир Устоевтың айтуынша, арнайы комиссия табиғат апатының шығындарын есептеп жатыр.

Тәжікстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің хабарлауынша, мұздықтың опырылуынан Шурак өзенінің деңгейі көтерілген, қатты ағыс Фатхобод және Шуроб қышлақтары арасындағы көпірді шайып кетті. Қазіргі таңда тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG