Ссылки доступа

Мәскеудегі өрттен қаза тапқан қыздардың ісін 20-дан астам тергеуші жүргізеді


Ресейдің тергеу комитеті Мәскеудегі баспахана қоймасында шыққан өрттің мән-жайын зерттейтін топ құрды. Бұл туралы мекеме сайтында хабарланды. Өрт салдарынан 17 адам мерт болды, олардың 14-і - Қырғызстан азаматы.

Арнайы құрылған топқа 14 тергеуші және 7 сарапшы-криминалист енді. 30-дан астам сот-медициналық сараптама тағайындалды, оны 10 сот-медициналық сарапшы жүргізеді.

Еске салсақ, Мәскеудегі баспахана қоймасында 27 тамызда өрт болып, тілсіз жаудан 17 адам қаза тапты, олардың 14-і - Қырғызстан азаматы.

РФ Қылмыстық кодексінің "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өрттен зардап шеккен тағы үш қырғыз ауруханада жатыр. Олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланды.

XS
SM
MD
LG