Ссылки доступа

"Соғыстан жасанды сурет": Украина қорғаныс министрлігі суретшіні жұмыстан шығарды


Фотография Дмитрия Муравского "Перемирие в Широкино"

Фотография Дмитрия Муравского "Перемирие в Широкино"

Украина қорғаныс министрі Степан Полторак қоғамдық бастама бойынша кеңесшісін, еріктіні және суретші Дмитрий Муравскойды жұмыстан шығарды. Оған бір сурет төңірегіндегі жанжал себеп болды.

"Ресейлік агрессияға қарсы соғыста, соның ішінде ресейлік насихаттауға қарсы күресте Украина әрдайым әділдік пен шынайылық қағидасын ұстанады", - делінген министрліктік ресми мәлімдемесінде.

"Широкинодағы бітім" деп аталатын сурет украиналық әлеуметтік желі қолдаунышылары арасында шапшаң таралған вирусқа айналған соң, суретші төңірегінде жанжал шықты. Суретте жарылыстан құтылған екі украиналық сарбаздың аяғын қайырып алған әріптесін демеп келе жатқаны бейнеленген. Сарбаздардың сол жағында баланың бесік арбасы жатыр.

Көпшілігі майданда жұмыс істеп келген 18 украиналық суретші тобы бұл суреттің шынайылығына күмән келтіріп, мәлімдеме таратты. Олар жасанды суретке қарсы еместіктерін айтып, сурет авторынан материалдың көркем немесе дерек екенін жазып қоюын сұраған.

Украиналық әскер қызметкерлері көркем суреттің қалай түсірілгенін толық баяндап берді.

XS
SM
MD
LG