Ссылки доступа

Меркель: Ашхабат түрмелерді тексеру мүмкіндігін талқылауға келісті


Германия канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, Түркіменстан шетел дипломаттарына түрмелерді тексеруге рұқсат беру мүмкіндігін талқылауға келісті. Неміс жетекшісі бұл мәлімдемесін Берлинде түркімен басшысы Гурбангулы Бердымұхамедовпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

"Біз дипломаттардың Түркіменстан түрмелерін тексергісі келетіні туралы әңгімелестік. Сыртқы істер министрлері ақылдасқан соң, халықаралық дипломаттар бұл мекемелерге барып, жағдайды бағалай алатынына президент уәде берді", - деді Меркель.

Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Берлинді саяси бәсекелестерін құпия түрде түрмеде қамау, танымал журналисті бостандыққа шығару және азаматтардың елден кетуіне тыйым салу мәселелерін Түркіменстан президентімен ашық талқылауға шақырды.

Бердымұхамедовтың мәлімдеуінше, Түркіменстан Конституцияға өзгерістер енгізіп, елде адам құқықтары жөнінде омбудсмен қызметін енгізуді көздеп отыр. Бұған қоса ол елде ірі газ қоры барын айтып, оны Еуроодақ елдеріне экспорттау мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын жеткізді. Түркімен басшысының айтуынша, Ашхабад бұл ұсыныстарын Еурокомиссияға өткізіп қойған.

XS
SM
MD
LG