Ссылки доступа

Тәжікстан мектептері батыстық білім беру жүйесіне көшеді


Жаңа оқу жылынан бастап тәжік мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері жаңа білім беру жүйесіне көшеді.

Тәжікстанның білім және ғылым министрінің орынбасары Латофат Назири Озоди радиосына мұғалімдер жазғы демалыста балалардың сыни ойлау қабылетін дамытатын инновациялық жүйені енгізуге арналған дайындық курстарынан сәтті өтті дейді.

Оның сөздерінше, бұл - «Білікті білім беру» деп аталатын америкалық психолог әрі педагог Бенджамин Блум әзірлеген жүйе. Бұл әрі батыста өте танымал екен. Әдістеменің авторлары бұл жүйе балаларға оқу үшін жақсы жағдай жасайды. Білім алуға мотивация береді.

Білім және ғылым министрлігі бастауыш сынып оқушыларына арнап жаңа оқулықтар да әзірлеген. Шығармашылық білім берудің бастамашыларының бірі Азим Байзоев жаңа жүйе «жаттап оқудан» бас тартып, бұйымды тануға, түсінуге арналған дейді.

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі өткен жылы елдің 55 мектебіне аталған әдістемені енгізген. Тәжірибе бірден жақсы нәтиже көрсеткен. Енді білім министрлігінің шенеуніктері келесі жылы жаңа жүйені тәжік мектептерінің жоғары сыныбына да енгізбекші.

XS
SM
MD
LG