Ссылки доступа

Германияда 16 жастағы қыз терроризммен айыпталды


Неміс прокуратурасы 16 жастағы жасөспірімге адам өлтірмек болды және террористік ұйымға қолдау білдірді деген айып тақты.

Биліктің мәлімдеуінше, Сафья С. үстіміздегі жылдың ақпан айында Ганноверде полицейді пышақпен жарақаттаған кезде, "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымының атынан әрекет жасаған. Германия және Марокко азаматшасы қылмыс орнында тұтқындалған.

Прокуратураның мәліметінше, Сафья С. қаңтар айында Стамбулға барып, ИМ-нен Германияда шабуыл жасау жөнінде нұсқау алған. Неміс жеріне орала салысымен, экстремистермен онлайн байланысқа түсіп, шабуылды ұйымдастыру үшін көмек сұраған.

Мұнан бөлек, 19 жастағы шыққан тегі сириялық неміс азаматқа қылмыстың алдын алмады деген айып тағылды. Алдын ала болжам бойынша, қамауда отырған Мохамад Хасан К. Сафьяның Германияда шабуыл жасамақ болған жоспарынан хабардар болған.

XS
SM
MD
LG