Ссылки доступа

Өзбекстан Тәуелсіздік күніндегі ресми шаралар өтпейтін болды


Өзбекстанда республиканың Тәуелсіздік күніне орай жоспарланған ресми салтанаттар өтпейтін болды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар мен халықтың сауық-сайрандары 1 қыркүйекте республиканың барлық аудандарында ұйымдастырылады.

27 тамызда Өзбекстанның министрлер кеңсесі 78 жастағы ел президенті Ислам Каримовтың ауруханаға түскенін хабарлады.

Кейін, 29 тамызда оның кенже қызы Лола Каримова-Тилляева әкесінің миына қан құйылғанын, ол ташкенттік аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын әлеуметтік желі арқылы жариялады.

XS
SM
MD
LG