Ссылки доступа

АҚШ Гүлмұрод Халимов туралы ақпарат үшін 3 млн доллар төлеуге әзір (видео)


АҚШ "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылған тәжік полковнигі туралы тың дерек берген адамға 3 миллион доллар төлейді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Курт Райс тәжік журналистеріне хабарлады.

"Сыйақы "Әділдік үшін марапат" бағдарламасы аясында төленеді. Оны Мемлекеттік департаменттің Дипломатиялық қауіпсіздік бюросы тағайындайды. Ол туралы мәліметі бар адам жақын жердегі АҚШ елшіліктерінің біріне хабарласуына немеес Америка дипломатиялық құрылымдарының электрондық поштасына жазуына болады", - деді ол.

Райстың айтуынша, Тәжікстан ІІМ арнайы жасағының бұрынғы полковнигі кезінде әскери мерген болған және 2003-2014 жылдары америкалық дайындық орталықтарында терроризммен күрес әдістерін меңгерген.

Гүлмұрод Халимов 2014 жылы сәуірдің аяғында жоғалып кетті, бір айдан соң ол Сирияда пайда болды. Бейне үндеуінде ол ІІМ жұмыс әдістеріне көңілі толмаған соң, "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылғанын мәлімдеген. Халимовтың пікірінше, тәжік полициясы дін өкілдерінің құқықтарын шектеумен айналысады.

XS
SM
MD
LG