Ссылки доступа

Алеппода "ИМ" ұйымының атақты дін идеологы қаза тапты


Сирияның Алеппо қаласында "Ислам мемлекетінің" атақты дін идеологы өлтірілді. Бұл туралы содырлардың интернеттегі белсенділігін зерттеуші SITE халықаралық ұйымы хабарлады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, халықаралық коалиция күштері сейсенбі күні Әл-Баб ауданын әуеден соққылады. Олар әл-Аднаниды нысанаға алған. Соққы нәтижелері зерттеліп жатыр делінген мәлімдемеде.

Әбу Мұхаммед әл-Аднани экстремистік топтың белсенді дала командирлерінің бірі болды және ол баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ол жиһадшыларды батыс елдерде бір адамдық теракт жасауға үндеумен айналысты.

Тамызда америкалық ұшқышсыз ұшақтар арқылы "Ислам мемлекетінің" Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысы өлтірілді. Бұған дейін Сирияда содырлық топ жетекшісінің жақын кеңесшісі Әбу Омар аш-Шишани қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG