Ссылки доступа

Ресей БҰҰ-ның Сириядағы химиялық шабуыл жөніндегі баяндамасын мойындамады


Ресей сириялық әскердің химиялық қару қолданғаны жөніндегі БҰҰ мен Химиялық шабуылға тыйым салу жөніндегі ұйымның баяндамасында келтірген дәйектерін мойындаудан бас тартты.

Бұл құжат сейсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде талқыланған. Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин баяндамада "ешқандай есімдер көрсетілмеген" деп, АҚШ-тың және өзге елдердің Сириядағы химиялық шабуылы үшін санкция енгізу керек деген талаптарын қабылдамады. Бірақ Чуркин "хлор қолданған болар" деп мойындады.

Human Righs Watch Халықаралық құқық қорғау ұйымы Мәскеу істі Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа беруге кедергі жасап жатыр деп Ресейді сынға алды.

Ұлыбритания мен Франция Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғаны дәлелденген деп, президент Башар Асадты әскери қылмыс жасады деп айыптады.

24 тамызда БҰҰ сарапшылары Сирияда химиялық қаруды билік әскері де, "Ислам мемлекеті" ұйымы қолданғаны жөнінде дәйектер келтіретін баяндамасын ұсынған. Онда 2015 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың тамыз айына дейін зарина, хлорлы газ, қыша газы мен өзге де химиялық заттарды 130 рет қолданғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG