Ссылки доступа

Шешенстанда сайлау алдында билікті сынағандар қудаланып жатыр


Human Rights Watch Халықаралық құқық қорғау ұйымы қыркүйекте өтетін сайлау қарсаңында Шешенстан оппозиционері қудаланып жатқандығы жөнінде арнайы баяндама жасады.

"Ресей: Шешенстандағы сайлау алдындағы қуғындау" деп аталатын баяндамада елдің лидері Рамзан Кадыров пен оның айналасындағыларды сынағандар репрессияға тап болып жатқандығы айтылған. Құқық қорғаушылар Кадыровты жария түрле сынағандарға қарсы күш қолданған 40 оқиға орын алғанын атап өткен. Бопсалау, жария түрле кешірім сұрауға мәжбүрлеу, кемсіту әрекеттері көбейіп кеткен.

Кадыровтың Шешенстан басшысы ретінде өкілеттік мерзімі наурыз айында аяқталған. Шілде айында Кадыров 18 қыркүйекте болатын аймақ басшысы сайлауына қатысатынын жариялады. 26 тамызда Шешенстан билігі республиканың сайлау учаскелерінде видеобақылау жүргізілмейтінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG