Ссылки доступа

Бразилия сенаты Дилма Русефке импичмент жариялады


Бразилияның федералдық сенаты президент Дилма Русефке импичмент жариялады, деп хабарлады британдық Guardian басылымы.

Ашық дауысқа Сенаттың 81 мүшесі қатысты, олардың 61-і Русефтің отставкасына дауыс берді. Мемлекет басшысы қызметін 2018 жылдың аяғына дейін Бразилия вице-президенті Мишел Темер атқарады.

2011-2016 жылдар аралығында президент қызметін атқарған Русеф бұл қызметтен биыл 12 мамырда шеттетілді. Оған 2014 жылғы президент сайлауында жеңіске жету үшін федералдық бюджеттің жағдайына қатысты мәліметтерді бұрмалап берген, сыбайласқан жемқорлықпен айналысқан деген айыптар тағылды. Бұрынғы мемлекет басшысы бұл айыптарды жоққа шығарып, бұл айыптауларды ол "мемлекеттік төңкерісті көздейтін саяси қастандық" деп атады.

XS
SM
MD
LG