Ссылки доступа

Керри: «Бүгінде Қырғызстан – Орталық Азияда демократия лидері»


Бүгінде Қырғызстан – Орталық Азияда демократия лидері. Осылай деп АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған сөзінде айтты.

Керри 25 жыл бұрын АҚШ Қырғызстанның тәуелсіздігін ең бірінші мойындаған елдердің бірі болды деп еске түсіріп, ширек ғасыр бойында бұл елмен достық және стратегиялық әріптес ретінде қарым-қатынасты жалғастырып келеді деді.

Оның айтуынша, Осы уақыт арасында американы Қырғызстан Республикасымен демократиялық ұстаным, плюрализмді құрметтеу және саяси, экономикалық мүмкіндікке сенім білдіру біріктіріп келеді.

«Тұрақты және гүлденіп дамып келе жатқан Қырғызстан барлық аймаққа үлгі бола алады. Құрама Штаттар Қырғыз елінің экономикалық және демократиялық дамуын қуаттайды, аймақтардағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтынын бағалайды және екі елдің игілігі үшін ынтымақтастықты дамытуды күтеміз», –деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысы.

XS
SM
MD
LG