Ссылки доступа

Өзбекстанда 1 қыркүйектегі отшашу футбол ойындарына бола кейінге шегерілді


Тәшкентте Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік отшашу кейінге шегерілді деп. Осылай деп қала әкімдігінің ақпарат қызметі хабарлайды.

Жыл сайын 1 қыркүйекте Тәшкентте Тәуелсіздік күні құрметіне орай мерекелік шаралардан кейін отшашу болатын. Дәстүр бойынша отшашу Әлішер Навои атындағы Ұлттық саябақта өту керек еді.

Астана әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықтық мерекелеуден кейін және футбол ойындарынан кейін көлік кептелісін болдырмас үшін, жасы үлкен қариялардың өтініші бойынша мерекелік отшашу басқа күнге ауысырылған.

Бүгін астананың «Бунедкор» стадионында кешкі сағат 20:00-де Өзбекстан мен Сирия құрамалары Әлем Чемпионаты үшін үшінші квалификациялық раундта кездеседі. Оған кемінде 35 мың жанкүйер келеді деп күтіледі.

Мерекелік отшашудың нақты күні әзірге хабарланбады.

XS
SM
MD
LG