Ссылки доступа

Көңілдеске "тапсырыс берген" бұрынғы әкім түрмеге отырды


Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев 11 жылға түрмеге отырды.

Оның бұрынғы екі қызметкері Арман Қожамұратов (тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық аудандық бөлімінің бұрынғы басшысы) пен Бейімбет Исмағамбетовты (әкімнің көлік жүргізушісі) кісі өлтіруді ұйымдастыру және кісі өміріне қастандық жасау қылмыстары бойынша соттады. Қожамұратов 11 жылға түрмеге отырса, Исмағамбетов 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Айыптау нұсқасы бойынша, 38 жастағы Серікқалиев биыл ақпанда оның көңілдесі делінетін Кристина Сәлімгерееваны өлтіруге бір миллион теңгеге "тапсырыс" берген. Салимгереева шенеуніктен ортақ қызының әкесі екенін мойындауды талап еткен.

Іс материалдары бойынша, Қожамұратов пен Исмағамбетов тапсырысты орындауға кіріскен. 23 ақпанда олар әйелді үйіне кіре берісте тосқан, Исмағамбетов Сәлімгерееваны он шақты рет пышақтаған делінеді. Сәлімгереева тірі қалды, сөйтіп полицияға жүгінді.

Бұған қоса, сот айыпталушылардың әрқайсысын жәбірленушіге моральдық шығын ретінде бір миллион теңгеден төлеуге міндеттеді.

XS
SM
MD
LG